Skip to content

Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінің Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының қызметкерлері Түркістан қаласы білім бөліміне қарасты Хамза атындағы №2 жалпы білім беретін мектебінің 10-11 сынып оқушыларымен кездесу өткізіп, үгіт насихат жұмыстарын жүргізді.

Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінің Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының қызметкерлері Түркістан қаласы білім бөліміне қарасты Хамза атындағы №2 жалпы білім беретін мектебінің 10-11 сынып оқушыларымен кездесу өткізіп, үгіт насихат жұмыстарын жүргізді.
Кездесуге Қазақстан Республикасы ішкі істер министрлігінің Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясы имидждік жұмыс және ішкі коммуникациялар бөлімінің бастығы полиция подполковнигі Ляззат Маратовна Нуралина, жедел-іздестіру қызметі кафедрасының аға оқытушысы полиция майоры Аманат Мұрат, әкімшілік құқықтық пәндер кафедрасының оқытушысы полиция подполковнигі Бауыржан Оразбайұлы Ильяс қатысты.
Кездесу барысында оқушылар арасында құқықтық сауаттылықты арттыру мәселелері, сондай-ақ Қостанай академиясына түсу шарттары мен тәртібі бойынша әңгіме жүргізілді. Білім алушылар оқуға қабылдау шарттарымен танысып, академияның артықшылықтары, мамандықтары туралы толық мәлімет алды.
Оқушыларға төрт жыл ішінде заманауи техникалық құралдармен жабдықталған оқу аудиторияларында және жедел-қызметтік іс-әрекеттің нақты жағдайларын көрсететін полигондық кешендерінде білім алуға мүмкіндік алатыны жайлы түсіндіріліп, бейнероликтер көрсетілді.
Кездесу соңында қонақтар оқушылар тарапынан қойылған сұрақтарға толық жауап берді.
Ішкі істер министрлігінің Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясы Қазақстанның жетекші жоғары заң оқу орындарының бірі болып табылады.
Шәкірттерімізге мамандық таңдаудан жаңылмай, егеменді еліміздің ертеңі- болашақ маман иелері болуларына тілектеспіз.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған