Skip to content

“Менің өмірімде қолданылатын мақал-мәтелдер” жобасы

“Менің өмірімде қолданылатын мақал-мәтелдер” жобасы📚
📚Хамза атындағы №2 жалпы орта білім беретін мектепте “Менің өмірімде қолданылатын мақал-мәтелдер” жобасы аясында өзін-өзі басқару ұйымының түсіру тобы белгіленген тақырып бойынша сауалнама жүргізіп, қандай мақал-мәтелдермен таныс екенін байқап көрді.
📚Қазақ тарихындағы сарабдал саясаткерлердің жөнін білгізіп, жолын сілтеп отырған орақ тілді, от ауызды би – шешендеріміз бен ақылшы көсемдеріміз өмір сүрген. Міне, осы адамдардан өсиет те, өнеге де, аталы сөз де қалған. Ендеше жас ұрпақ осы аталы сөзге құлақ түретін, мақалдарды өміршең етуге ат салысулары қажет.
📚Ата – бабамыздан келе жатқан асыл қазынамыз, ұлттық құндылығымыз мақал – мәтелдерді насихаттап, күнделікті өмірде үнемі қолдана біліп, тапқыр сөйлеуге тырысайық!

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған