Skip to content

Адалдық-адамдықтың белгісі.

⚜️Адалдық-адамдықтың белгісі.⚜️
Еліміздің ертеңгі болашағы жас ұрпақты парасаттылық пен адалдыққа баулу-тәрбиенің басты міндеттерінің бірі. Балалардың моральдық дамуы бүгінгі күннің және алдағы күндердің талабы.
Осыған орай Түркістан қаласы Хамза атындағы N2 жалпы білім беретін мектебінде 2023жылдың 15 желтоқсан күні «Түркістан-адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі Абуова Нұржахан Ермағамбетқызымен кездесу өткізілді. Кездесуге 8-10 сынып білім алушылары қатысты.
Кездесудің мақсаты: өскелең ұрпаққа сыбайлас жемқорлықтың алдын алуына қатысты түсіндірме жұмыстарын жүргізу;
Жасөспірімдер арасында парасаттылық пен адалдық,әділдік құндылықтарын насихаттау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыра отырып,парасатты тұлғаны дамыту.
Кездесу барысында тақырыпқа байланысты бейнебаяндар көрсетіліп, сұрақ-жауап арқылы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.Оқушыларға өнегелі өмірдің адал жолдарын түсіндіре келіп,оларды адал болуға шақырды.Өмір кезеңдерімен байланыстырып айтқан әңгімесінде ,оқушылардың бойына рухани адамгершілік асыл қасиеттерді ұялата отырып,өздігінен ізденуге,өзін-өзі басқаруға бағыт-бағдар берді.
Адам баласы үшін ең негізгі құндылық:адалдық,парасаттылық,әділдік,сенім.Осы құндылықтарды әрбір жас ұрпақ бойына сіңіретін болсақ,таза қоғам қалыптастыру арқылы мәңгілік елге айналарымыз сөзсіз.
Дильбар Дийметова Нуржахан Абуова
Зулфия Гафурова

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған