Skip to content

«Тәуелсіздік-тірегім, Қазақстан-жүрегім» тақырыбында іс-шара өткізілді.

Тәуелсіздіктің 32 жылдығына орай 32 пән кабинетіне ардагер ұстаздардың есімі берілді.
Түркістан қаласы білім бөліміне қарасты Хамза атындағы №2 жалпы білім беретін мектебінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 32 жылдығы қарсаңында «Тәуелсіздік-тірегім, Қазақстан-жүрегім» тақырыбында іс-шара өткізілді.
Мемлекет басшымыздың сындарлы саясатының айқын дәлелі ретінде «Әрбір бала бір жұлдыз, жарқырауына жәрдем бер» деген ұстанымды алға тарта отырып, мектепте жаңадан ашылғалы отырған спорт алаңының салтанатты ашылу рәсімі өткізілді.
Бұған қоса тарихы терең білім ордамызда ұзақ жылдар бойы елеулі еңбек етіп, бүгінгі таңда марқұм болған ардагер ұстаздардың есімдері жас ұрпақтың жадында мәңгі сақталып, үлгі-өнеге болуы мақсатында Тәуелсіздіктің 32 жылдығына орай 32 пән кабинетіне ардагер ұстаздардың есімдері беріліп, ашылу салтанаты өтті.
Спорт алаңының ашылу салтанатында Түркістан қаласы әкімінің орынбасары Қырықбаев Мекенхан Қозыханұлы, Түркістан Қаласының Білім Бөлімінің басшысы Оразкүл Шайхықызы Қолдасова, мектеп директоры Дийметова Дильбар Абдуразакқызы қатысты.
Мектеп оқушыларының игілігіне берілген спорт алаңының лентасы қиылып, қонақтар өздерінің жылы лебіздерін білдіре отырып, спорттың маңызы мен өзектілігін сөз етіп, оқушыларды салауатты өмір салтын ұстануға шақырды.
Бүгінгі салтанатты түрде ашылып, қолданысқа берілген спорт алаңы шәкірттерімізге спорттық әлеуеттерін жүзеге асыруға мүмкіндік, жаңа белестерді бағындыруға жаңа күш береді деп сенеміз.
Осы жиынға арналған әрбір сыныпта арнайы сынып сағаттары өтіліп, сынып бөлмелеріне есімі берілген ардагер ұстаздарымыздың ағайын туыстары «Тәуелсіздік-тірегім, Қазақстан-жүрегім» тақырыбындағы сынып сағаттарына қатысты.
Іс-шарамыз мектеп Акт залында жалғасып, мерекелік кешке ұланып, ардагер ұстаздардың елеулі еңбегі назарға алынған бейнероликтер көрсетілді. Жиынға қатысқан қонақтар атынан Ә.Асибаев, Ш.Мадалиев, Ш.Аминов, З.Абдураимовтар өздерінің мектеп ұжымына шексіз алғыстарын айтып, ризашылықтарын білдірді.
Тәуелсіздікке қол жеткізгеннен кейін біздің еліміз көптеген жетістіктерге жетті. Осы орайда тарихы терең білім ордамыз да талай белестерді бағындырып келеді. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болып, бірлігіміз арта берсін. Әрі қарай көп жетістіктерге жетіп, Қазақстанды әлемге таныта берейік. Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік болсын!!!

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған