Skip to content

Ұлттық құндылықтарға бағыт алынғандығы, отбасындағы салт- дәстүрдің , отбасы құндылықтарының маңыздылығы

Түркістан қаласы білім бөліміне қарасты Хамза атындағы N2 жалпы білім беретін мектебінің оқушыларымен 2023 жылдың 12 желтоқсан күні облыс және қала әкімдігі жанындағы ҚҚВТ мүшелерінің сервистік тәсілді енгізуі бойынша ақпараттық презентациялық жұмыстары жүргізілді.
Жиын қонақтары:
Түркістан облысының құрметті азаматы , Түркістан облыстық қоғамдық кеңестің мүшесі -Чалданов Зуппархан Субатович;
Түркістан облысы білім басқармасы «Облыстық қосымша білім беруді дамыту орталығының әдіскері-Әбішов Оразгелді Есенгелдіұлы;
Түркістан қаласы «Әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ-сінің қызметкері-Әділханқызы Айман;
Түркістан қаласы төтенше жағдайлар департаменті аға инженері , азаматтық қорғау лейтенанты-Ақсұңқар Абусаид Мұхтарұлы.
Түркістан облысы әкімдігі жанынан құрылған қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде сервистік тәсілді енгізу жөніндегі ведомствоаралық топ мүшелері оқушыларға облыс және қала көлеміндегі полиция қызметкерлерінің қауіпсіздіктің алдын алу бойынша атқарып жатқан жұмыстары мен жетістіктері жөніндегі ақпараттарға тоқталып өтті.
Бүгінгі таңда мектеп қабырғасындағы тәрбие жұмыстарының ұлттық құндылықтарға бағыт алынғандығы, отбасындағы салт- дәстүрдің , отбасы құндылықтарының маңыздылығы туралы айтылды.
Тақырып аясында бейнероликтер көрсетіліп, практикалық жұмыстар жүргізілді.
Жиынды директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Абдухан Мамедов қорытындылап,оқушыларды қаламыздың таза қауіпсіз болуына үлес қосуға шақырды.Кездесуге келген қонақтардың жұмысына сәттілік тілеп,алғысын білдірді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған