Skip to content

ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫН НАСИХАТТАУ БАҒЫТЫНДА СПОРТТЫҚ САЙЫС ӨТТІ.

ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫН НАСИХАТТАУ БАҒЫТЫНДА СПОРТТЫҚ САЙЫС ӨТТІ.
Түркістан қаласы білім бөліміне қарасты Хамза атындағы №2 жалпы білім беретін мектебінде Республикалық «Зорлық-зомбылыққа қарсы 16күн» науқаны аясында және отбасы құндылықтарын насихаттау бағытында «Әкем, Анам, мен» тақырыбында отбасылық спорттық сайыс өткізілді. Сайысқа 3-сыныптар және олардың ата-аналарынан жасақталған 4 отбасылық топ қатысып, өзара бақ сынады.
Сайыстың мақсаты: салауатты өмір салтын қалыптастыру, оқушылардың денсаулығын нығайту, спортқа деген қызығушылығын арттыру, топтық сайысқа, жылдамдыққа, икемділікке, күштілікке, төзімділікке баулу және спорттық сайыс жарысын ұйымдастыру арқылы ата – аналарды мектеп өміріне араластыру.
Жарыс «Кім жылдам», кедергілер арасымен жүру, «Кең аяқ», «Секіртпемен секіру», доп жарысы, қаппен секіру, арқан тартыс сайыс түрлерінен өтті.
Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаз командалар мен жүлдегер командалар мектепшілік мақтау қағаздары және арнайы сыйлықтармен марапатталды.
#Біртұтас _тәрбие

 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған