Skip to content

Бауыржан Момышұлының «Батыр Шапағаты» медалімен «Қазақстан ардагерлері» қауымдастығының төрағасы, халық қаһарманы генерал-лейтенант Б. Ертаевтың атынан кәсіподақ төрағасы Жандос Шайдулла және бірлестіктің маманы Абдураимов Бахтияр Кахарұлы марапатталды.

Түркістан облысы ауған соғысы ардагерлері мен мүгедектер кеңесі қоғамдық бірлестігінің төрағасы Бегимов Тұрғанбек Әшірұлы және бірлестіктің мүшелері Жантілек Жақсылық Ташенұлы, Абдураимов Закир Кахарұлы «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Түркістан облыстық ұйымына 16 желтоқсан Тәуелсіздік күніне орай арнайы құттықтауға келді.
Ардагерлер кеңесінің мүшелері Түркістан қаласының білім саласында еңбек етуде. Бірлестік мүшелерінің ұсынысымен және төрағаның қолдауымен Бауыржан Момышұлының «Батыр Шапағаты» медалімен «Қазақстан ардагерлері» қауымдастығының төрағасы, халық қаһарманы генерал-лейтенант Б. Ертаевтың атынан кәсіподақ төрағасы Жандос Шайдулла және бірлестіктің маманы Абдураимов Бахтияр Кахарұлы марапатталды. Ардагерлер кеңесіне ризашылық білдіреміз және жұмыстарына сәттілік тілейміз!

 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған