Skip to content

«Құқықтық тәртіп» жедел- профилактикалык іс шара

Түркістан қаласы білім бөліміне қарасты Хамза атындағы №2 жалпы білім беретін мектебінде 2023 жылдың 29 қараша күні «Құқықтық тәртіп» жедел- профилактикалык іс шара барысында Түркістан облысының полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкері, полиция полполковнигі Қапанов Жандос Сеитханович және Түркістан ҚПБ-ның ЖПҚ ЮПТ УПИ полиция капитаны, мектеп инспекторы Қуаныш Қойлыбековтың қатысуымен «Құқықтық тәртіп» тақырыбында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Мақсаты: әкімшілік құқық бұзушылықтарды, қылмыстарды болдырмау және жол бермеу.
Кездесу барысында кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылық жайында және бөтеннің мүлкін ұрлау, қарақшылық, алаяқтық туралы баяндап, одан сақ болудың жолдарын түсіндіріп өтті. Түнгі уақытта жүру жасөспірімдердің өміріне қауіпті екендігін айтып, бүгінгі таңда білім мекемелерінде, қоғамдық орындарда және сауда-саттық орындарында да бейнебақылау камералары өте көп екендігін атап айтып, қылмысқа барудың соңы жақсылыққа алып келмейтіндігі жөнінде қатаң ескертілді. Оқушыларға беймезгіл уақытта көшеде жүрмеу жөнінде ескертіліп, жүрген жағдайда әкімшілік жауапкершілікке тартылатыны түсіндірілді.
Все реакции:

Бахтияр Абдураимов и ещё 8

Нравится

Комментировать
Поделиться

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған