Skip to content

«Күз аруы — 2023! Сәнді қыз бен мәнді математика» атты сыныптан тыс іс шара өткізілді

Хамза атындағы №2 жалпы білім беретін мектебінде 9 сынып оқушылары арасында математика пән мұғалімі Турсунбаева Шахнозаның ұйымдастыруымен «Күз аруы — 2023! Сәнді қыз бен мәнді математика» атты сыныптан тыс іс шара өткізілді.
Мақсаты: түрлі жаттығулар арқылы оқушылардың ойлау қабілеттерін, ойын арқылы қызығушылықтарын, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, математикаға деген қызығушылықтарын арттыру, өмірдің өзі математикаға толы екеніне көз жеткізу. Сайысқа 9 «А» сыныбынан Балташова Нигора, 9 «Ә» сыныбынан Алитдинова Дурдона, 9 «Б» сыныбынан Хакимжанова Дилфуза, 9 «В» сыныбынан Розметова Мадина, 9 «Г» сыныбынан Рисметова Севинч, 9 «Д» сыныбынан Латипова Севара қатысты.
1. Таныстыру (әр қатысушы өздерін таныстыру барысында математик терминдерді, сандарды пайдаланады.)
2. Сәнді қыз бен мәнді математика (Кім ойға жүйрік? Логикалық сұрақ-жауап)
3. Өнер тамған он саусақ! (күзгі байлықтардан жарнама, жасаған әр бір қол өнерлерін математикамен байланыстырып түсіндіру)
4. Өнерлі өрге жүзеді (өнер сайысы.)
Сайыс өте тартымды әрі қызық өтті. Сайыс қорытындысы бойынша 9 «В» сыныбынан Розметова Мадина Бас жүлде, 9 «А» сыныбынан Балташова Нигора және 9 «Б» сыныбынан Хакимжанова Дилфуза І орын, 9 «Ә» сыныбынан Алитдинова Дурдона ІІ орын, 9 «Г» сыныбынан Рисметова Севинч және 9 «Д» сыныбынан Латипова Севаралар жүлделі ІІІ орынға ие болды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *