Skip to content

АПТАЛЫҚ ЛЕЗДЕМЕ- “30 ПАТРИОТТЫҚ ӘН” ЖОБАСЫ

АПТАЛЫҚ ЛЕЗДЕМЕ
“30 ПАТРИОТТЫҚ ӘН” ЖОБАСЫ🎼🎤
Мектебімізде 10 қараша күні мектеп оқушыларымен лездеме өткізілді.
Оқушылардың патриоттық, ұлтжандылық сезімдерін қалыптастыруға танымдылық қабілеттерін арттыра отырып, өнерге баулу, патриоттық әндерді үйрету, мәнерлеп оқу дағдысын қалыптастыру, көпшілік алдында өнер көрсетіп, өзін-өзі ұстау мәдениетін дамыту мақсатында “30 патриоттық ән” жобасы аясында әр сыныпқа белгіленген тақырып бойынша апталық лездемеде патриоттық ән айту тапсырылған. Жоба аясында 8-“А” сынып оқушылары «Мен қазақпын» әнін, 5-«А» сынып оқушылары “Бұл Жаңа Қазақстан” әнін орындады.
Апталық лездемеде мектебіміздің мәртебесін республика көлемінде танытып жүрген білімде шәкірттеріміз, белсенді спортшыларымыз және мектепішілік өткізілген байқауларда үздік қатысқан оқушылар марапатталды.
Апта қорытындысы бойынша «ЕҢ ҮЗДІК СЫНЫП» номинациясымен 8-«Б»,5-«Ә»сыныптары, “ЕҢ ҮЛГІЛІ СЫНЫП”номинациясымен 10-«Б»,6-«Ә» сыныптары, «ЕҢ ТАЗА СЫНЫП» номинациясымен 9-“Г”, 7-“А” сыныптары марапатталды.
Лездеме барысында ішкі тәртіп ережелерін сақтау, тазалық, форма мәселелері қаралды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *