Skip to content

«Отбасылық дәстүрлер» тақырыбында ата-аналар жиналыстары өткізілді

Түркістан қаласы білім бөліміне қарасты Хамза атындағы N2 жалпы білім беретін мектебінде күзгі демалыс кезінде атқарылатын іс-шаралар жоспары негізінде «Отбасылық дәстүрлер» тақырыбында ата-аналар жиналыстары өткізілді. «Мұғалім-бала-ата-ана» үштік одағы бірігіп, отбасылық дәстүрлер жайлы әңгімелесулер өтті. Жиналыстың мақсаты отбасының салт-дәстүрінің тәрбиелік мәні туралы айтып, оны ары қарай бірлесіп, жас ұрпақ бойына сіңіру.
Отбасы дәстүріне, жалпы адам тәрбиесіне терең мән беріп, оның сәтті қағидалары мен ережелерін жасаған-өзіміздің дана халқымыз.
Халқымыз отбасында дәстүр – салтын сақтай отырып, ұрпағына тазалық, адамдық, еңбекқорлық, адалдық , кішіпейілділік ,т.б. барлық асыл қасиеттерді бойына сіңіре білген. Осы орайда барлық сынып жетекшілер ата – аналармен бірге отбасылық дәстүрлер туралы әр түрлі тәсілмен, еркін түрде әңгімелесулер өткізді. Өйткені, дәстүрі мен салтын сүйген ұрпақ, халқын сүйеді, салтын сақтаған ел жойылмайды. «Бұлақ басынан тұнады» , — дегендей, отбасылық дәстүрлерді сақтап, оны ұрпақтан – ұрпаққа жеткізу – біздің парызымыз.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *