Skip to content

МЕКТЕПІШІЛІК ПӘНДІК ОЛИМПИАДА

МЕКТЕПІШІЛІК ПӘНДІК ОЛИМПИАДА 📖
📖Оқушылардың оқу-танымдық қабілеттерін ынталандыру, пәндік білімдерін тереңдету, ғылымға деген қызығушылығын дамыту, оқушыларды аймақтық және облыстық олимпиадаларға қатыстыруға іріктеу және дайындықтарын пысықтау мақсатында, 2023 жылы 3 қараша күні 9-11 сынып оқушылары арасында жалпы білім беретін пәндер бойынша өткізілетін Республикалық олимпиаданың
мектепішілік кезеңі өткізілді. Олимпиада пакеттері мектеп директоры Д.Дийметова және комиссия мүшелерінің қатысуымен ашылды.
📖Өткен білім сайысында әрбір оқушының білім деңгейлері таразыланып, «жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығады» дегендей, олимпиада жүлдегерлері анықталды. Жалпы 180 оқушы қатысып, 108 оқушы жүлделі орындарға ие болды.
📖Жалпы мектепішілік олимпиаданы өткізу жұмыстары «жақсы» деп бағаланды. Олимпиада материалдары уақытымен тапсырылды. Жүлделі орындарға ие болған оқушылар және белсене қатысқан оқушылар марапатталды. Мұғалімдер өз ісіне жауапкершілікпен ат салысты.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *