Skip to content

Еткен еңбектің еленгені кімге де болса қуаныш, көңілге үлкен медет!

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!💐💐💐
Еткен еңбектің еленгені кімге де болса қуаныш, көңілге үлкен медет!
Қызметіне көп жылдарын арнаған әрбір адам үшін зейнеткерлікке шығу — өте маңызды және көңіл толқытарлық сәт. Бұл сәт тек қана адал еңбегімен өмір сүрген адамның мақтанышты көңіл-күйіне толы болса да, оның жұмыс ұжымымен қоштасуымен ұштасқан жабырқаулы күйімен де ерекшеленеді.
Хамза атындағы №2 жалпы білім беретін мектепте ұзақ жылдар бойы қызмет жасаған кіші қызметкер Ураков Фазил ағайымыздың зейнет жасына жетіп, құрметті демалысқа шығуына байланысты іс-шара ұйымдастырылды. Іс-шараға Фазил ағайдың туған туыстары және мектеп ұжымы қатысты. Мектеп директоры Дийметова Дильбар апай Фазил ағайды зейнеткерлікке жасына толуымен шын жүректен құттықтап, өмір жасының ұзақтығын, бақытының баяндылығын тіледі.
Еткен еңбегіңіз бен төккен теріңіз аз емес. Ендігі сол еңбектің зейнетін көріңіз. Сізге осындай мерейлі күні шын көңілімізбен деніңізге саулық, отбасыңызға амандық тілейміз.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *