Skip to content

«БАЛА ТӘРБИЕСІНДЕГІ АТА-АНАНЫҢ РӨЛІ» ТАҚЫРЫБЫНДА АТА-АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫ

🔰«БАЛА ТӘРБИЕСІНДЕГІ АТА-АНАНЫҢ РӨЛІ» ТАҚЫРЫБЫНДА АТА-АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫ ……
🔰Түркістан қаласы білім бөліміне қарасты Хамза атындағы N2 жалпы білім беретін мектебінде 2023 жылдың 30 қазан күні бастауыш сынып ата-аналарының қатысуымен сынып бойынша ата-аналар жиналысы өткізілді және
ата-аналарға » Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы» ашылғандығы туралы толыққанды ақпарат беріліп, психологиялық-педагогикалық білімге қажеттілігін анықтау үшін сауалнама толтырылды.
🔰Мақсаты: Оқушылардың шығармашылық әлеуетін дамытуда ата-аналармен бірлесе жұмыс істеу, бала тәрбиесіндегі мектеп пен отбасы ынтымақтастығын нығайту. Мектеп өмірімен таныстыру. Балалардың мінез-құлқы, бейімі, қызығушылығы, мүмкіншілігін тереңірек зерттеу. Ата-ана, бала, ұстаз үштік одағы арасында өзара сенім мен сыйластық орнауына ықпал ету. Жетістікке жету үшін бірлескен әрекеттің ортақ мақсаттарын анықтау.
🔰Ұрпақ тәрбиесі — ең ұлы міндет десек,осы міндетті мүлтіксіз орындау мектеп педагогтарымен қатар ата-аналардың да жауапкершілігінде. Сондықтан жиынның түйіні — бала болашағын қалыптастыруда ата-ана мен ұстаз үнемі бірлікте болуы керек екенін естен шығармау.
🔰Сынып жетекшілер :
Ш.Исмаилова.
Ш.Искакова.
С.Байметова .

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *