Skip to content

«Жас Ұлан», «Жас Қыран» балалар мен жасөспірімдер ұйымы қатарына қабылдау рәсімі өткізілді.

Республикалық Бірыңғай «Жас Ұлан», «Жас Қыран» балалар мен жасөспірімдер ұйымы қатарына қабылдау рәсімі өткізілді.
🇰🇿Түркістан қаласы білім бөліміне қарасты Хамза атындағы №2 жалпы білім беретін мектебінде 25 қазан — Республика күніне орай Республикалық Біріңғай «Жас Ұлан» ұйымына 5 –сыныптарды, «Жас Қыран» ұйымына 2 және 4-сыныптарды қабылдау салтанатты жиын болып өтті.
🇰🇿Мақсаты: Өскелең жас ұрпақтың бойында патриоттық, білім мен өзін-өзі жетілдіруге деген құштарлық, беріктік, Отан тарихына, Қазақстан мүддесіне қызмет етуге ұмтылу,қоғам игілігі үшін қызмет ету, Тәуелсіз Қазақстанның бүгіні мен болашағына деген жауапкершілікті қалыптастыру, жауапкершілік пен еңбексүйгіштікті қалыптастыру, баланың жеке тұлғалық қасиеттерін дамыту.
🇰🇿Салтанатты қабылдауға 66 оқушы «Жас қыран «, 42 оқушы «Жас Ұлан»ұйымына қабылданды.
🇰🇿Республикалық «Жас Ұлан» бірыңғай балалармен жасөспірімдер қоғамдық ұйымына мүшелікке қабылданған оқушыларымызды шын жүректен құттықтай отырып, оқуда озат, еңбекте адал болуды тілейміз.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *