Skip to content

«Жайна,жаса-Республикам менің» тақырыбында кітап көрмесі өткізілді.

1990 жылы 25 қазанда Қазақстанның егемендігі туралы декларация қабылданды.
Араға он жыл салып бұл мейрам мемлекеттік ретінде аталып өте бастады. Алайда 2009 жылы тиісті заңға өзгеріс енгізіліп, Республика күні мемлекеттік мерекелер тізімінен шығарылды.
Ал, былтыр мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың отырысында осы мейрамды қайтару қажеттігін мәлімдеді.
Көп ұзамай парламент заңды қабылдады. Қасым-Жомарт Тоқаев Республика күні елдің мемлекет құру жолындағы тарихи қадамының символы болуы керек екенін айтты.
Хамза атындағы N2 жалпы білім беретін мектебінің кітапханашылары И.Ниязметова және М.Бухаровалардың ұйымдастыруымен «25 қазан Республика күніне» орай «Әлем таныған Қазақстан» «Жайна,жаса-Республикам менің» тақырыбында кітап көрмесі өткізілді.
Мақсаты: Еліміздің тәуелсіздік алған жылдар аралығында жеткен жетістіктерімен таныстырып, әлем таныған ел екенін дәлелдеу. Оқушылардың білімділік дағдыларын кеңейту. Болашақ ұрпақтың рухани тұлғалық және адамгершілік құндылықтарын дамыту. Отанын сүюге, ел тарихын білуге, еліміздің мемлекеттік рәміздеріy қастерлеуге, отанымыздың байлығын қорғауға, елімізді өркендетуге білімді ұрпақ болуға тәрбиелеу.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *