Skip to content

Спорт – бақытқа бастар жол!

Спорт – бақытқа бастар жол!
Иә, күнделікті өмірде спортты сүйетін жандар көп. Әркімнің санасындағы спорт ұғымы – сан алуан. Расында да, көпшілікті ұлты мен жеріне, тілі мен дініне бөлмей өзіне ынтызар етер спорт құдіреті жоғары. Бәріміз білетіндей, «спорт – денсаулық кепілі». Бастысы, талғампаз тәкәппәр өнерге шексіз беріліп, адалдық танытсаң берері мол — сиқырлы әлем. Осындай спорт сүйер оқушыларымыз мектебіміздің абыройын асқақтатуда үлесін қосып жүр.
6 сектор бойынша мектеп аралық күзгі, қысқы “Дені сау ұрпақ-ұлт болашағы” атты ұранмен оқушылар арасындағы спартакиадада баскетбол спорт түрінен 1 орын, жетекшілері Хамитов Марат және Сеитов Даврон, волейбол спорт түрінен 4 орын жетекшісі Мамешов Даниёр, шахмат спорт түрінен 3 орын жетекшісі Юнусов Алишер, теннис спорт түрінен 3 орын жетекшісі Маткаримов Саидкарим, жалпы командалық 3 орынды иеленді.
Бәйгеде оза шауып жүзден жүйрік шыққан оқушыларымызға «Ұстаздар үшін мерейді асқақтату — олар берген білімнің жемісі мен жеңісін көрсету», сондықтан да жауапкершілікті терең сезініп, әрқашан сенім биігінен шыға біледі деп үміт артамыз.
Спорт жанашырларын жеңістерімен шын жүректен құттықтаймыз!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *