Skip to content

Өзін-өзі басқару ұйымы

Мектеп өмірінің қызықты, әрі әсерлі өтуі өзін- өзі басқару ұйымының белсенді жұмыс жасауына тікелей байланысты.
Мектепте оқушылар ұсынған беделді оқушы және өз еркімен өзін-өзі басқару ұйымының жұмысына қызығушылық танытқан оқушылар арасында өзін-өзі басқару ұйымының мүшелерінің сайлауы өткізілді. Әрбір үміткердің батылдықтарын атап өтуге болады : өз көзқарасын ашық білдіру, пікірін қорғау үшін дәлелдерді келтіру және көшбасшылық қасиеттерін көрсету мүмкіндігіне ие болды.
Оқушылардың өзін-өзі басқару ұйымының негізгі мақсаты – оқушылардың мектепті басқаруға қатысу құқықтарын жүзеге асыру, жарқын ұйымдастырушылық қасиеттері бар жеке тұлғаны тәрбиелеу, өз бетімен шешім қабылдай алатын, жауапты және тәртіпті, дербес таңдау жасауға дайын, белсенді өмірлік ұстанымы қалыптасқан қабілетті көшбасшы тәрбиелеу болып табылады.
Сайлау нәтижесі бойынша 11-“Б” сынып оқушысы Аскаров Умид мектеп президенті болып сайланды.
Өзін-өзі басқару ұйымының мүшелері:
Білім министрі 11-“А” сынып оқушысы Эргаш Назар.
Баспасөз министрі 10-«А» сынып оқушысы Худайкулов Шахрух
Мәдениет министрі 11-“А” сынып оқушысы Марипова Гаухар
Спорт министрі 10-“Б” сынып оқушысы Рустемов Шохнур
Еңбек және шаруашылық министрі 10-“В” сынып оқушысы Закиржан Рамазан
Экологоия министрі 11-“В” сынып оқушысы Джурабаев Санжар
Тазалық және денсаулық министрі 10-“А” сынып оқушысы Абдуллаева Азиза
Ұлдар ұйымының басшысы 10-“А” сынып оқушысы Шакиржанов Дилёрбек
Қыздар ұйымының басшысы 10-“А”сынып оқушысы Усманова Мавлуда
Өз кезегінде, мектеп президенті және өзін-өзі басқару ұйымын мүшелері оқушылар мен ұстаздар алдында салтанатты ант қабылдады және мектептің өздеріне деген жоғары сеніміне алғысын білдірді.
Показать перевод

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *