Skip to content

«Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін және жеңілдетілген тамақтандыруды ұсыну»

Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 26 қарашадағы №2 Жарлығы 77-қосымшасының «Әлеуметтік осал отбасылардан шыққан мектеп жасына дейінгі балаларды білім беру ұйымдарында тегін ыстық тамақпен және барлық бастауыш сынып оқушыларын тегін ыстық тамақпен қамтамасыз ету» жарлығын, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі «Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін және жеңілдетілген тамақтандыруды ұсыну» мемлекеттік қызметті көрсету қағидасын №158 бұйрығына басшылыққа ала отырып, Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында 2023-2024 оқу жылында Хамза атындағы N2 жалпы білім беретін мектеп мемлекеттік мекемесінде жалпы 1743 оқушы оқиды. Қыркүйектен бастап 1-4 сыныптардан 628 оқушы және 5-11 сыныптардан 32 оқушы тегін ыстық тамақпен тамақтану құқығына ие жеке санаттағы оқушыларға бір реттік ыстық тамақ ұйымдастырылуда.
Мектеп асханасы қажетті ыдыс-аяқпен жабдықталған. Мектеп асханасында бір күндік ас мәзірі құрылып, белгіленген уақыт бойынша білім алушылар уақытында тамақтанады. Бракераж комиссиясы мектеп директоры бұйрығымен оқу жылына тағайындалды және жұмысын тұрақты бақылауды қамтамасыз етуде.
Мектеп оқушыларымен тамақтану мәдениетін қалыптастыру және салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында ақпараттық және тәрбие сағаттары, сыныптан тыс шаралар өткізілуде.
Показать перевод

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *