Skip to content

Қыркүйектің үшінші сенбісінде Дүниежүзілік тазалық күні

Қыркүйектің үшінші сенбісінде Дүниежүзілік тазалық күні болып бекітілген.
Бүгін осы үлкен іс-шараға үлес қосу үшін Түркістан қаласы Хамза атындағы N2 жалпы білім беретін мектебінде мектеп басшысы Д.Дийметованың басшылығында ұжыммен мектеп ауласының санитарлық жай-күйін қалыпты сақтау мақсатында тазалық жұмыстары белсенді түрде жүргізілді.
Сенбілік барысында мектеп ғимаратының ауласы мен жолдың бойы ретсіз тасталған керексіз заттар мен ағаш жапырақтарынан тазаланды.
Таза ортаның тынысы кең демекші, үрдіске айналған сенбілік қаламыздың көркеюіне көп үлесін қосуда.
Барлық тұрғындарды өзі тұратын үйдің ауласын таза ұстап, рұқсат етілмеген жерлерге қоқыс қалдықтарын тастамай, қала тазалығының сақталуына үлес қосуға шақырамыз.
Показать перевод

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *