Skip to content

Құқық бұзушылықтың алдын алу-басты міндет.

Құқық бұзушылықтың алдын алу-басты міндет.
Бүгінгі таңда қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі — балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу. Осы орайда Түркістан қаласы білім бөлімінің 13.09.2023 жылғы N15/01-01/3088 хатына сәйкес ағымдағы жылдың 15 қыркүйек күні Хамза атындағы №2 жалпы білім беретін мектебінде кәмелет жасына толмаған тұлғалармен және оларға қарсы жасалған құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында құзырлы органдардың өкілдерімен жиналыс өткізілді. Жиналысқа Түркістан қаласы прокуратурасының қоғамдық мүдделерді қорғау бөлімінің бастығы Жүсіпбай Мақсат Кенжеханұлы, Түркістан қалалық полиция басқармасының жасөспірімдер инспекторы, полиция капитаны Асанов Елжас Амантұрұлы, Түркістан қалалық полиция басқармасының жасөспірімдер инспекторы,полиция майоры Тұрсынбек Медет Үсіпбекұлы , Түркістан қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының бас маманы, азаматтық қорғау капитаны Мұзаппар Бақдәулет Мұхамедәліұлы, ата-аналар комитетінің төрағасы Байқозиев Азиз Бабаханұлы қатысты. Жиналыста оқушыларға құқықбұзушылық туралы, кәмелетке толмаған жасөспірімдердің қылмыстық жауапкершілігін алдын алу бойынша, сондай-ақ жастар арасында болып жатқан қылмыстың түрлі мәселелеріне, кәмелетке толмаған жасөспірімдердің түнгі сағат 22:00-де ойын сауықтарда отыруы, түнгі сағат 23:00-ден кейін көшеде жүруге болмайтынын және интернет ресурстарындағы шектеу қойылған сайттар туралы, олардың зияндылығы туралы баяндап, бейнефильмдер көрсетіліп, сақтық шараларын түсіндірді.
Қорытынды сөзді директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Зулфия Гафурова сөйлеп, оқушыларды қоғамға зиян келтіретін, заң бойынша жазаланатын қылмыстық іс-әрекеттерден аулақ болып,бос уақыттарын тиімді пайдалануға шақырды.
Показать перевод

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *