Skip to content

Ғылыми жобалар конкурсына қатысқан жұмыстар бойынша бағыт-бағдар берілд

Талантты да дарынды балалар – мемлекетіміздің биік ұстар мақтанышы. Жас ұрпақтың келешекке нық, сенімді қадам басуы ел үшін маңызды да жауапты жүк. Ал сенім артушы аға-апаларымызды жерге қаратпау осындай талантты, дарынды да мақсатты оқушылардың қолында. Осындай дарынды балаларды анықтау мақсатында 8 қыркүйек 8-11 сынып оқушылары арасында мектепішілік ғылыми жобалар конкурсы өткізілді.
Жобаның мақсаты: оқушылардың өз қаласына, өлкесіне, оның тарихы, мәдениеті, дәстүрлері мен тұрмысына шексіз берілгендікті паш ететін шынайы отансүйгіштік сезімдерін тәрбиелеу; таңдалған тақырып бойынша зерттеу жүргізу, қорытынды жасау қабілеттерін дамыту; өз тұжырымдарын жүйелі жеткізуге төселдіру; зерттеу жұмыстарын жүйелі жүргізіп, қалалық кезеңге жолдама беру болды.
Конкурстан кейін оқушылар жұмыстары сараланып, қалалық кезеңге жолдама берілді. Ғылыми жобалар конкурсына қатысқан жұмыстар бойынша бағыт-бағдар берілді, ұсыныстар айтылды.
Өмірдегі шынайы ғажап, адамзатқа маңыздылар дарындылар қолында, ал сол дарындылардың тағдыры біздің яғни ұстаздар қауымының қолында.
Показать перевод
и ещё 4

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *