Skip to content

“ Тіл мәртебесі-ел мәртебесі “ тақырыбындағы онкүндігінің ашылуы салтанатты рәсіммен басталды

Қазақстан Республикасының «Тілдер туралы Заңында» «Тіл – ұлттың аса ұлы игілігі әрі оның өзіне тән ажырағысыз белгісі,ұлттық мәдениеттің гүлденуі мен адамдардың тарихи қалыптасқан тұрақты қауымдастығы ретінде ұлттың өзінің болашағы-тілдің дамуына,оның қоғамдық қызметінің кеңеюіне тығыз байланысты»,- делінген.
Тіл – ана сүтімен бойымызға сіңіп, атадан балаға жетіп отырған ұлы күш. Ол талай дәуірді, қоғамды, кезеңді, сынды басынан өткізіп келеді.
Осыған орай, Хамза атындағы N2 жалпы орта мектебінде Қазақстан халықтарының тілдері мерекесіне орай “ Тіл мәртебесі-ел мәртебесі “ тақырыбындағы онкүндігінің ашылуы салтанатты рәсіммен басталды.Онкүндіктің мақсаты: Тәуелсіз елімізде өмір сүріп отырған ұлт өкілдері арасындағы достық пен бірлікті нығайту барысында оқушылардың мемлекеттік тілге құрмет сезімдерін қалыптастыру. Оқушылардың тіл туралы танымдық деңгейін көтеру, білімді, жан-жақты болуға үйрету, бірнеше тіл білуге,үйренуге деген қызығушылықтарын арттыру, ой-өрісін, ойлау қабілеттерін дамыту, шығармашылыққа, шапшаңдыққа баулу, балаларды озық ойлы оқушы болуға тәрбиелеу.
Онкүндіктің ашылуында оқушылар ақын- жазушылардың тіл туралы жазған жыр шумақтарын нақышына келтіріп оқыды.
Онкүндік барысында ұстаздар мен оқушылар арасында түрлі жұмыстар жүргізілетін болады.
Показать перевод

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *