Skip to content

«Көңілі көтеріңкі ұстаздың, еңбегі де жемісті» тақырыбында психологик тренинг өткізді.

Хамза атындағы №2 жалпы орта мектебінің педагог-психологтары С.Мирзаметова және З.Анарбаевтар жаңа оқу жылының басталуы қарсаңында мұғалімдердің психикалық көңіл-күйлерін көтеру, шығармашылық қабілеттерін бағалай білу, өздеріне құрметпен қарау, дұрыс қарым-қатынас орнату мақсатында «Көңілі көтеріңкі ұстаздың, еңбегі де жемісті» тақырыбында психологик тренинг өткізді.
Тренингке мұғалімдер ерекше қызығушылықпен қатысты. «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға», — деп айтқан ұлы Абай Құнанбаев атамыз. Шынымен де, өскелең ұрпақты, ұлт пен ел болашағын тәрбиелеу, мұғалім кәсібін таңдап, оны шын жүрекпен, бар болмысыңмен сүю әрбір адамның қолынан келе бермейтін игі іс. Сондықтан да, таңдаған мамандық жолынан ешқашан таймаңыздар, әрбір қиыншылықтарды абыроймен жеңіп шығуларына тілек білдіреміз.
Показать перевод

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *