Skip to content

1 қыркүйек — Білім күніне арналған «Мектебім — мейірім мекені!» атты салтанатты жиын болып өтті.

Хамза атындағы №2 жалпы орта мектебінде 2023-2024 оқу жылының 1 қыркүйек — Білім күніне арналған «Мектебім — мейірім мекені!» атты салтанатты жиын болып өтті.
Салтанатты шараға бақылау жөніндегі басқармасының басшысы Исмаилов Айдос Бахытжанұлы, қалалық білім бөлімінің әдіскері Адхамжон Ходжамов, ата-аналар комитетінің төрағасы Азиз Байқозиев және ардагер ұстаздар қатысты.
Мектеп директоры Дийметова Дильбар Абдуразакқызы барлық ұстаздар қауымын және мектеп табалдырығын алғаш аттаған 1-сынып оқушыларын 1 қыркүйек — Білім күнімен, дәстүрлі жаңа оқу жылының басталу салтанатымен құттықтап, жаңа оқу жылына сәттілік тіледі. Мектеп табалдырығын тұңғыш аттаған, жаңа өмірге қадам жасаған жас бүлдіршіндер үшін ерекше күн болды. Биылғы оқу жылында білім ордамызға 144 бүлдіршін қабылданды. Балабақшаны аяқтап, мектеп табалдырығын алғаш аттаған жас бүлдіршіндер салтанатты жиын барысында ән айтып, өлең шумақтарын тарту етті. Мерекелік жиын мектеп оқушыларының концерттік бағдарламасымен жалғасын тауып, жаңа оқу жылының алғашқы қоңырауы соғылды. Салтанатты жиынға қатысқан қонақтар және ардагер ұстаздар оқушылар мен ұстаздарға ізгі тілектерін білдірді. Салтанатты жиынның соңы бірыңғай «Мектебім — мейірім мекені!» тақырыбында республикалық сынып сағаттарына ұласты.
Показать перевод

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *