Skip to content

1-қыркүйек күні парасаттылық пен академиялық адалдық мәселелеріне арналған 8-11 сынып оқушыларына адалдық сағаты өтті.

Жаңа оқу жылы басталысымен, жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жөніндегі іс-шаралар кешенді жоспарына сәйкес Хамза атындағы №2 жалпы орта мектебінде 1-қыркүйек күні парасаттылық пен академиялық адалдық мәселелеріне арналған 8-11 сынып оқушыларына адалдық сағаты өтті. Жаппай бірыңғай сабақтың негізгі мақсаты — өскелең жас ұрпақтың бойына адалдық пен парасаттылық қасиеттерін қалыптастыру, оларды адал жолға шақыру.
Адалдық сағатына Түркістан Адалдық алаңы жобалық кеңсесінің жетекшісі, «Жемқорлыққа қарсы волонтерлік» жобасының еріктісі Абуова Нұржахан Ермағамбетқызы қатысып, оқушыларға өнегелі өмірдің адал жолдарын түсіндіре келіп, оқушыларды адал тұлға болуға шақырды. Өмір кезеңдерімен байланыстырып айтқан әңгімесінде, оқушылардың бойына рухани адамгершілік асыл қасиеттерді ұялата отырып, жаман қылықтар мен істерден аулақ болуға, тақырып бойынша қосымша мәліметтерді мысал келтіріп, өздігінен ізденуге, өзін-өзі басқаруға бағыт-бағдар берді. Адалдық сағаты барысында бейнефильмдер көрсетіліп, сұрақ-жауап арқылы түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Жас буынның рухани болмысын бекітіп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру мақсатында адалдыққа тәрбиелеу шаралары жыл бойы өз жалғасын табады. Халықтың сенімі мен үмітін ақтау-жастардың қолында. Ал болашақтың жарқын болуында — саналы ұрпақ тәрбиелеу қоғам мен білім ордасының қолында.
Показать перевод

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *