Skip to content

`Орта білім беру ісінің үздігі `

Марапат құтты болсын!!!!
Түркістан облысының орталығы Түркістан қаласында » Әділетті Қазақстан: сапалы білім, адал ұрпақ, табысты ұлт” тақырыбында республикалық білім саласы қызметкерлерінің тамыз кеңесінің барысында Түркістан қаласы Хамза атындағы N2 жалпы орта мектебінің өзбек тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, ұлағатты ұстаз Юлдашева Гульбахор Абибуллақызы Қазақстан Республикасының Оқу ағарту министрлігінің «Орта білім беру ісінің үздігі » Құрмет грамотасымен марапатталды .
Жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие беріп, өз ісіне адал, жаңалықты жатсынбай қабылдайтын, шәкіртінің жанына нұр құйып,маңдай терін төккен тұлғаға жасалған құрмет өскелең ұрпаққа үлкен үлгі.
Осындай жолы мен жөні бөлек аяулы ұстазымыз – шәкірттерінің мақтанышы ғана емес, бүкіл ел мақтанышы!
#Хамза атындағы N2 жалпы орта мектебі
#Хамза мектебіне 105жыл
Показать перевод

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *