Skip to content

«Адалдық адамдықтың белгісі», «Парасаттылық — адал ұрпақтың айнымас серігі»

Түркістан қаласы білім бөліміне қарасты Хамза атындағы №2 жалпы білім беретін мектебінде 2023 жылы 28 қырқүйек күні оқушылардың бойына рухани адамгершілік қасиеттерді ұялату, адалдық, парасаттылық, әділдік, шыншылдық қасиеттерін сіңіру, адалдық пен шындықтың адами қарым-қатынастағы мәнін түсіндіру мақсатында 1-11 сыныптар аралығында «Адалдық адамдықтың белгісі», «Парасаттылық — адал ұрпақтың айнымас серігі» тақырыптарында бірыңғай адалдық сағаты өткізілді. Адалдық сағатында қоғам қайраткері, «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің иегері Оразкүл Асанғазықызының бейнеролигі көрсетілді.
Адалдық — адам бағасының бір өлшемі іспетті. Әр адам еңбек ету, оқып білу, өмір сүру және заманауи әлемде тіршілігін жалғастыру дағдыларын қалыптастыруы тиіс. Ұрпақ тәрбиесі — келешек қоғам тәрбиесі. Сол келешек қоғам иелерін жан-жақты жетілген, ақыл-парасаты мол, мәдени, ғылыми өрісі озық етіп тәрбиелеу біздің басты міндетіміз.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *