Skip to content

«МЕКТЕПКЕ ЖОЛ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АКЦИЯСЫНА ӨЗ ҮЛЕСІҢІЗДІ ҚОСЫҢЫЗ!!!

«МЕКТЕПКЕ ЖОЛ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АКЦИЯСЫНА ӨЗ ҮЛЕСІҢІЗДІ ҚОСЫҢЫЗ!!!
Түркістан қаласы адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты Хамза атындағы №2 жалпы орта мектебінде жаңа оқу жылы қарсаңында «Мектепке жол» республикалық акциясы «Бар мейірім балаға» ұранымын ұйымдастырылды.
Акцияның негізгі мақсаты — аз қамтылған және көпбалалы отбасылардың балаларына, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға жаңа оқу жылының басталуына дайындық кезеңінде көмек көрсету.
Акцияға ұлағатты ардагер ұстазымыз З.Мухамеджанов, қамқоршылық кеңесінің төрағасы З.Бекенов, ата-аналар комитеті төрағасының орынбасары Ш.Досметов, мектептің бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Б.Абдураимов және ұстаздар, демеушілер, ата-аналар қатысты.
Жақсылық жасау — имандылықтың, тәрбиеліктің, парасаттылықтың айқын көрінісі.
Бүгінгі «Мектепке жол» қайырымдылық акциясын ұйымдастыруға ұйытқы болған мектеп директоры Д.Дийметоваға, жақсы іске жанашырлық танытқан ұстаздарымызға, демеушілерімізге айтар алғысымыз шексіз.
Әркез жүрегіміз кең, пейіліміз ақ болып жақсылық жасауға ұмтылып тұрайық!!!!
«Мектепке жол» республикалық акциясы 30-шы қыркүйекке дейін жалғасын табады. Акциямызға атсалысамын деген жандар үшін есігіміз әрқашан ашық!
Қайырымдылық-қайырлы іс!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *