Skip to content

Хамза атындағы №2 жалпы орта мектебінде «Жасыл мекен» республикалық челленджі өткізілді.

Түркістан облысының Адами әлеуетті дамыту басқармасының «Облыстық қосымша білім беруді дамыту орталығы» КММ-нің 10.04.2023 жылғы №24 хатына сәйкес, Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Тоғыз айға 9 іс-шара» тұжырымдамасын орындау мақсатында ағымдағы жылдың 12 мамыр күні Хамза атындағы №2 жалпы орта мектебінде «Жасыл мекен» республикалық челленджі өткізілді.
«Жасыл мекен» челленджінің мақсаты: оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру және еңбекқорлыққа баулу.
Міндеттері:
— білім алушылардың қоршаған ортаға қамқорлық сезімін ояту;
— білім алушылардың табиғатқа ұқыптылықпен қарауын дамыту;
— еңбекке деген құрмет сезімін ояту;
Мектеп ауласын көгалдандыруға, тазалық жұмыстарын жүргізуге, көркейту шараларына мектептің ерікті оқушылары атсалысты. Барлығының мақсаты бір — мектебімізді жасыл желекке айналдырып, қала экологиясының жақсаруына үлес қосу. «Ағаш ексең аялап, басыңа болар саябақ» деп ата-бабамыз айтқандай, жасыл желекке оранған әсем мектебімізді гүлдендіре беруге өз үлесімізді қосу азаматтық парызымыз!
и ещё 6

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *