Skip to content

 

Түркістан қаласы Адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты Хамза атындағы №2 жалпы орта білім беретін мектебінің әкімшілігі 2022-2023 оқу жылындағы соңғы қоңырау, қорытынды аттестаттау, ҰБТ тапсыруда мына жағдайларды ескертеді:
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру мақсатында қатаң тыйым салынады; мектеп қажеттіліктеріне, 4, 9, 11 сыныпты аяқтауына, мектептің жөндеу жұмыстарына ақша жинауға қатаң тыйым салынады;
Барлық қатысушыларға «Соңғы қоңырау» іс-шарасын өткізу тәртібі және қауіпсіздік талаптарын сақтау туралы нұсқаулық беру, ата-анасының немесе заңды өкілінің тек біреуінің қатысуы, кешенді қауіпсіздік шаралары қамтамасыз етілетінін ескертеді.
Педагогикалық этика және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында мектеп әкімшілігіне және педагогтарға кез-келген түрдегі сыйлықтар алуға (педагогтар соңғы қоңырау іс-шарасы барысында ата-аналар тарапынан түрлі сыйлықтар алуға, ата-аналар комитеті тарапынан қаржылай ақша жинауға) қатаң тыйым салынады.
Білім алушылардың автокөлік шеруіне шығуға, ойын алаңдарына баруына, кафе, тойхана, саябақтарға, қала сыртындағы саяжайларға баруына қатаң тыйым салынады.
Қорытынды аттестаттау кезінде түрлі мақсатта ата-аналардан қаражат жинауға, мерекелік дастархан ұйымдастыруға, гүл сыйлауға қатаң түрде тыйым салынады.
Мектебіміз әрдайым биіктерден көрінсін. Сіздердің ұл-қыздарыңыздың оқу-тәрбие процесіндегі жетістіктері — біз үшін үлкен СЫЙЛЫҚ.
Сіздердің сұрақтарыңызға жауап беру үшін менің телефоным үнемі қосулы және сіздерді тыңдауға, жауап беруге әркез дайынмын.
Құрметпен Хамза атындағы №2 жалпы орта мектебінің директоры Дийметова Дилбар Абдуразакқызы.
Возможно, это изображение 1 человек и текст

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *