Skip to content

«Түркістан қаласының жастары салауатты өмірді қолдайды» форумы

Жеңіс құтты болсын! ????????
«Балалар мен жасөспірімдер орталығының» ұйымдастыруымен мектеп оқушылары арасында «Түркістан қаласының жастары салауатты өмірді қолдайды» форумы және қалалық байқауы болып өтті. Байқаудың мақсаты: жас ұрпақтың салауатты өмір сүруге көзқарасын қалыптастыру, олардың денсаулығын сақтауға және салауатты өмір сүре білуге тәрбиелеу. Оқушыларды өз Отанын, елін, жерін сүюге тәрбиелеу мен елінің нағыз патриоты болуға баулу. Бұл байқауға Хамза атындағы №2 жалпы орта мектебінен «Денсаулық» тобы қатысып, жүлделі І орынды иеленіп, Түркістан қаласының адами әлеуетті дамыту бөлімінің дипломы және арнайы сыйлықтармен марапатталды. Шәкірттеріміз әлі де талай асулардан асып, биік белестерді бағындырады деп сенім артамыз. Дарынды да, білімді шәкірттерді дайындаған жетекшісі Р.Бабажановаға өз алғысымызды білдіреміз.
Ұрпағы, жан ашыры текті жердің,
Қашанда жүздерінен нұр көремін.
Болашақ ғалымдарда, даналар да,
Өздеріңнен шығады деп білемін

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *