Skip to content

«Аёл ожиза эмас, аёл мўъжиза» тақырыбында іс-шара өткізілді.

Әйел — тіршіліктің тірегі, отбасының шырағы, тәрбиенің шырайы!
Хамза атындағы №2 жалпы орта мектебінде әйел-ұстаздар арасында «Аёл ожиза эмас, аёл мўъжиза» тақырыбында іс-шара өткізілді. Мақсаты: Жас ұрпақ тәрбиесіне зор еңбек сіңіріп жүрген ұстаздарды құрметтеу, еңбектерін елеп – ескеру, мадақтау. Қазіргі қоғамдағы әйел – ананың рөлін айқындай түсу бағытында әйелдерге рухани тәрбие беру, халқымыздың дәстүрлі құндылықтарын ұғындыру, білімге және өнерге ынталандыру. мұғалімдерді әр-қырынан танып білу, шығармашылық қабілеттерін арттырып, жас мамандарға өнеге болу. Іс-шараға әр бірлестіктен бір мұғалім қатысып, өз өнерлерін көрсетіп, өмірлік тәжірибесімен бөлісті. Байқауда өзін жанжақты көрсетіп, өзінің ерекше қабілеттерін ортаға салған, ағылшын тілі пәні мұғалімі Д.Бабажанова бас жүлдені иеленді. Соңғы сөзге шыққан мектеп директоры Д.Дийметова бүгінгі іс-шара өте жоғары деңгейде ұйымдастырылғандығын, әйел ұстаздарымыз мақтанарлық дәрежеде жанжақты дамыған өнерлі екенін айтып, мектеп ұжымына өз алғысын білдірді. Іс-шара соңында барлық қатысушылар марапатталып, сыйлықтар табысталды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *