Skip to content

«Әлемді кітап арқылы танимын» атты қалалық байқау болып өтті

«Әлемді кітап арқылы танимын»
Әлем әдебиетінің үздік шығармалары мен ұлттық әдебиетіміздегі ең үздік туындыларды оқу және насихаттау, оқу ісін ілгерілету, рухани мұрамызды сақтау мақсатында «Ұлы Дала Елі Орталығы» және қалалық кітапханалар жүйесі қызметкерлерінің ұйымдастыруымен ең көп кітап оқитын балалар арасында «Әлемді кітап арқылы танимын» атты қалалық байқау болып өтті. Байқауға Хамза атындағы №2 жалпы орта мектебінің кітапсүйер оқушылары қатысып, жүлделі орындарды иеленді. Атап айтар болсақ, І орын Акимжанова Эльнура, ІІ орын Абдалимова Сарвиноз, Бахтиярова Мадина, Халметова Динара дипломмен марапатталды. Шәкірттерімізде жеңістерімен құттықтаймыз.
Түлекті тәрбиелер кітап-мектеп,
Өседі сол кітаптан бұтақ көктеп.
Молайтып ақылыңды сан еселеп,
Береді білім нәрін кітап көптеп.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *