2023 жылдың 31 наурыз күні 7-8 сынып оқушыларының арасында жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша қалалық кезеңіне қатысып төмендегі аты-жөні көрсетілген оқушылар жүлделі орынға ие болды. Жалпы 6 пәннен 12 оқушымыз қатысып оның арасынан 8 оқушымыз жүлделі орындарға ие болса, 2 оқушымыз мақтау қағаздарына ие болды. Шәкірт жетістігі — ұстаз еңбегі, дегендей шәкірттеріміздің пәндік олимпиаданың шыңын бағындыруда ұлағатты ұстаздарымыздың жүйелі дайындығы және тынымсыз еңбегінің нәтижесі. Республикалық пәндік олимпиаданың облыстық кезеңіне жолдама алған шәкірттерімізге сәттілік серік болсын деп тілейміз.