Skip to content

«Түркістан облысы терроризмге қарсы комиссиясы аппаратымен берілген нұсқамаға сәйкес, шет елдердегі теологиялық оқу орындарында оқудың қауіптілігі туралы облысымыздағы білім ұйымдарында профилактикалық және түсіндірме шараларын жүргізу»

Түркістан қаласы адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты Хамза атындағы №2 жалпы орта мектебінде 2023 жылдың 28 наурыз күні Түркістан облысының тиісті басқармаларының ұйымдастыруымен «Түркістан облысы терроризмге қарсы комиссиясы аппаратымен берілген нұсқамаға сәйкес, шет елдердегі теологиялық оқу орындарында оқудың қауіптілігі туралы облысымыздағы білім ұйымдарында профилактикалық және түсіндірме шараларын жүргізу» тақырыбында 9-10 сынып оқушыларымен жиналыс өткізілді. Іс-шараға Түркістан облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасының қызметкері Қайрат Арап, Білім беруді дамыту орталығының тарих бөлімінің әдіскері Марат Үсенбеков, Түркістан облысы дін істер басқармасының діни бірлестіктерімен байланыс және мемлекеттік қызметтерді көрсету бөлімінің қызметкері Арай Ержанқызы, Дін мәселелерін зерттеу орталығы КММ-нің бөлім басшысы Жорабек Жалғас Мұхтарұлы, мектеп директоры Д.Дийметова және мектеп әкімшілігі қатысты. Арнайы келген мамандар оқушыларға тақырып аясында кеңестер беріп, үн парақшалар таратып, оқушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріп, сауалнама алды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *