Skip to content

«Қыз тәрбиесі — қоғам тәрбиесі»

Түркістан қаласы адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты Хамза атындағы №2 жалпы орта мектебінде 2023 жылдың 14 наурыз күні 6-«Б» сыныбында «Қыз тәрбиесі — қоғам тәрбиесі» тақырыбында профилактикалық жұмыстар өткізілді. Мақсаты: Оқыту мен тәрбие үдерісі жағдайында баланың дамуын қамтамасыз ету және психологиялық қолдау жасау. Сынып жетекші Д.Каримбекова баяндамасында қазақ халқының ұлттық болмысын сақтай отырып, қыздарға жат қылықтарды ажырата білуге, олардың денсаулығына, ұлт болашағына, рухани байлығына, тәрбиесіне келтіретін зияны туралы түсінік беріп, олардың ішкі және сыртқы жан дүниесінің әдемі де арлы болуына шақырды. Аталмыш шараға мектеп педагог-психологы Саодат Мирзаметова қатысып мектеп жасындағы қыз балалардың тағдыры жөнінде тағылымды ақпарат беріп, қыздардың сырласы анасы болғандықтан, анасынан ешқандай сыр жасырмау керек екендігін баса айтты. Сонымен қатар қыздардың кешкі уақытта үйден шықпауын, интернет желісінде түрлі әлеуметтік желілерде отырмауын тапсырып, кеңестерін берді. Мұнан соң сөз алған аналар мектебінің мүшесі Набат Байметова өзін дұрыс ұстау, ерсі қылықтар жасамау керектігін айтып өтті. Қыз баланы тәрбиелеу — ұлтты тәрбиелеу. Қыз балалар арасында жат қылықтардың алдын алу жұмыстарын күшейте отырып, қоғам назарын қыз тәрбиесіне арнауда ақпарат беру мақсатында өткізілген шарада еркін пікір алмасу болып, кері байланыс жүргізілді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *