Skip to content

«Ана-сенсің өмірдің гүлі»

Ана деген-бастауы ұлылықтың,
Ана деген-рәмізі сұлулықтың.
Ана деген-бір жыр бар шырқалатын,
Асқақтатар биікке ұрпақ атын.
Ана-тіршіліктің қайнар көзі, махаббаттың шуақ күні, мейірімнің кәусар бұлағы. Адам бойындағы барлық қасиет күннің нұрынан, ананың ақ сүтінен дариды. Ана әрбір адамның жарық дүниедегі ең жақыны, жанашыры, қадірлісі, қамқоршысы, ардақтысы. Жер бетіндегі тіршіліктің өзегін келешекке жалғаған, өсер ұрпағына құндақтағы шағынан ізгіліктің дәнін еккен аналар мерекесіне орай Түркістан қаласы Хамза атындағы №2 жалпы орта мектебінде «Ана-сенсің өмірдің гүлі» тақырыбында мерекелік іс-шара болып өтті. Мерекелік іс-шарада Түркістан қалалық кәсіподақ комитетінің төрайымы Д.Турманова, мектеп директоры Д.Дийметова және мектептің бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Б.Абдураимовтар көктемнің шуақты мерекесі 8 наурыз — Халықаралық әйелдер күнімен ұстаздар қауымына өздерінің жүрекжарды лебіз, ізгі тілектерін білдіріп, шәкірттерін білім нәрімен сұсындатып, шығармашылыққа үйретіп, дарындылық жолына жетелеп, білім саласында аянбай еңбек етіп, толағай табыстарға қол жеткізіп жүрген ұстаздарға және қызметкерлерге алғысын білдіріп, құрмет грамоталарымен, алғыс хаттармен марапаттады. Атап айтар болсақ, «Білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағына сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен мектеп директоры Д.Дийметова және химия пәнінің мұғалімі С.Вахапова, Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлері салалық кәсіподағының «Құрмет грамотасымен» физика пәнінің мұғалімі М.Алибаева, өзбек тілі және әдебиеті пәні мұғалімі Г.Юлдашева, орыс тілі және әдебиеті пәні мұғалімі М.Абдрахманова, Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының «Құрмет грамотасымен» бастауыш сынып мұғалімі М.Ергешова, қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі А.Тойлыбаева, Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Түркістан облыстық ұйымы қоғамдық бірлестігінің грамотасымен ағылшын тілі пәні мұғалімі Н. Юсупова, орыс тілі және әдебиеті пәні мұғалімі Д.Исетова, педагог-психолог С.Мирзаметова, қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі А.Тілеуберді, математика пәнінің мұғалімі Г.Мараймова, физика пәнінің мұғалімі О.Кахарова, дене шынықтыру пәні мұғалімі Ф.Ергашева, Түркістан қаласы адами әлеуетті дамыту бөлімінің Құрмет грамотасымен қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімері Д.Ходжаева, З.Аметова, математика пәні мұғалімі С.Рисбекова, орыс тілі және әдебиеті пәні мұғалімі М.Убайдуллаева, бастауыш сынып мұғалімі М. Мансурова, Түркістан қалалық кәсіподақ комитетінің Құрмет грамотасымен дене шынықтыру пәні мұғалімі Ф.Атаханова, бастауыш сынып мұғалімі М.Абдурахманова, қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі А.Ерметова, география пәні мұғалімі Д.Каримбекова, кітапханашы М.Бухарова, тәлімгер С.Сайдуллаева, кіші қызметкерлер Р.Туякова, С.Мирзахметовалар марапатталды. Мерекелік іс-шара елдіктің, тыныштықтың, береке мен бірліктің, әр шаңырақтың ұйытқысы болып отырған аяулы жандарға арналған ер азаматтардың ән шашуымен жалғасын тапты. Марапатталған барша әріптестерімізді шын жүректен құттықтаймыз. Бар тіршіліктің тұтқасын ұстап тұрған аяулы аналар, сымбатты да әдемі арулар! Сіздерді көктемнің шуақты мерекесімен құттықтап, әрқашанда шаңырақтарыңыздың берекесі болып, жүздеріңізден нұр шашып жүре беріңіздер. Сіздерге зор денсаулық пен баянды бақыт тілейміз.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *