Skip to content

«1 Наурыз — Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күні»

2023 жылдың 1 наурыз күні Хамза атындағы №2 жалпы орта мектебінде «1 Наурыз — Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күніне» орай дабыл іске қосылып, мектеп оқушылары, мұғалімдер, кіші қызметкерлер барлығы мектептің арнайы қауіпсіз алаңына шығарылды. Оқушыларға табиғи және техногендік төтенше жағдайлар туралы, төтенше жағдайлар кезіндегі қауіпсіздік ережелері, міндеттері туралы түсінік берілді. Алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету, денсаулық және оған әсер ететін факторлар туралы айтып өтілді. Атап өтілетін іс-шаралар жоспарымен таныстырылды. Іс-шаралардың мақсаты: төтенше жағдай кезінде өзін қалай ұстау керектігін, және қорғаудың негізгі құралдарымен, олардың пайдалану ережесімен таныстыру, өзара көмек көрсету міндеттерін түсіндіру, сақтық шараларын сақтауды үйрету. Мектебіміздің медбикелері түрлі әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, оқушыларды қауіпсіздік шараларын сақтау сауаттылығын күнделікті тіршілігімен байланыстыра өткізіп, оқушылар өз ойларымен бөлісті. Апат айтып келмейді. Сақ болайық!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *