Skip to content

«Бақытты балалық дәуірім» тақырыбында іс-шара

Мектебімізде бастауыш сыныптар апталығы аясында, мектепалды даярлық сыныптарында «Бақытты балалық дәуірім» тақырыбында іс-шара өтілді. Мектебіміздің ең кішкентай бүлдіршіндері сахнаға шығып өнер көрсетті. Балалардың өнерін тамашалауға мектеп директоры және директордың оқу және тәрбие ісінің орынбасарлары, сонымен қатар ата-аналар келді. «Әрбір бала — бір жұлдыз, жарқырауға жәрдем ет» демекші, кішкентай өнерпаздарды сахнаға шығарудың өзі үлкен еңбектің жемісі. Мектепалды даярлық сынып мұғалімдері Д.Абдулаева, Х.Дийметова, У.Курбанова әр баланың өнерін шыңдап, оларды отансүйгіштікке, жауапкершілікке тәрбиелеп келеді. Іс-шара соңында мектеп директоры Д.Дийметова сөз алып, кішкентай бүлдіршіндерді құттықтап ризашылығын білдірді. Барлық бүлдіршіндер марапатталды. Қай уақытта болмасын біздің мұратымыз – болашақта өз орнын таба білетін, жан-жақты тұлға қалыптастыру.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *