Skip to content

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ! Шәкірт пен ұстаздың жетістігі — мектептің мерейі.

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
Шәкірт пен ұстаздың жетістігі — мектептің мерейі. Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңіне Хамза атындағы №2 жалпы орта мектебінің 10-сынып оқушысы Дияра Хасанова Қазақстан тарихы пәнінен қатысып, жүлделі І орынды иеленіп, Республикалық кезеңге жолдама алды. «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» шабатын білім бәйгесінде жүлдегер атанған шәкіртіміз бен жетекшісі Бабажанова Курбан Паччаханқызын құттықтаймыз. Мектеп директоры Дилбар апай Дийметова шәкірт шыңдауда жеткен жетістігі үшін Курбан апайға өз алғысын білдіріп, Республикалық кезеңге жолдама алған шәкіртіміз Дияраға сәттілік серік болсын, біз саған сенеміз, сенімен мақтанамыз, білімнің биігін бағындыра бер деп тілек білдірді. Ұлы ұстаздан өнеге алған, тәуелсіз елдің айқын мақсаттарымен жігерленіп, ел сенімі мен ата-ана, ұстаз үмітін ақтар шәкірттеріміз көп болсын! Біз қашанда шәкірттерімізбен мақтанамыз.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *