Skip to content

«Құқық бұзушылықтың алдын алу басты міндет»

Хамза атындағы №2 жалпы орта мектебінде 2023 жылдың 9 ақпан күні Түркістан қаласы адами әлеуетті дамыту бөлімі мемлекеттік мекемесі бөлімінің №15/01-01/1315 07.02.2023 жылғы хаты негізінде «Құқық бұзушылықтың алдын алу басты міндет» тақырыбында қалалық прокуратураның бөлім бастығы Жүсіпбай Мақсат Кенжеханұлы, Түркістан қаласы ПБ ЖПҚб ЮПТ аға инспекторы полиция капитаны Рысбеков Жанабек Алибекұлының қатысуымен 8-11 сынып оқушыларымен кездесу болып өтті. Кездесуді мектеп директоры Дийметова Дильбар Абдуразаққызы ашып, кездесудің мақсатын түсіндіріп өтті. Кездесудің мақсаты: кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу және баланы жәбірлеудің (буллингтің) алдын алу, балаларға қатысты зорлық-зомбылық фактілеріне, төтенше жағдайларға ден қою алгоритмдері мен білім беру ұйымдарының психологиялық қызметтерінің жұмысы бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Жиналыста 9-сынып жетекшісі Ж.Стамкулова «Баланы жәбірлеудің (буллинг, кибербуллинг) алдын алу», 8-сынып жетекшісі Ш.Турсунбаева «Зорлық – зомбылықсыз балалық шақ», 10-сынып жетекшісі Ф.Досметов «Құқық бұзушылықтың алдын алу басты міндет» тақырыптарында баяндама оқыды. Кездесу барысында келген қонақтарымыз өз салалары бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, сол тақырыптар аясында бейнероликтер мен слайдтар көрсетілді. Оқушылар өз ойларымен бөлісті. Мектеп директоры Д.Дийметова бала тәрбиесінде және білім алуында зорлықшыл әдістерге жол жоқ екенін, қоғамның хабардарлығын арттыруға бағытталған жұмыстардың жиі жүргізіліп жатқанын айтып, қорытындылап, келген қонақтарға өз ризашылығын білдірді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *