Skip to content

«Жасөспірімдер арасында қылмыс пен нашақорлықтың алдын алу»

Хамза атындағы №2 жалпы орта мектебінде 2023 жылдың 30 қаңтар күні 9-11 сынып оқушылары арасында «Жасөспірімдер арасында қылмыс пен нашақорлықтың алдын алу» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Мақсаты: оқушыларға зиянды заттардың адам денсаулығына тигізер залалы және осындай зиянды заттардың адам ағзасына түрлі аурулар тудыратыны туралы түсінік беру. Оқушыларға зиянды заттардан аулақ болуға, салауатты өмір салтын қалыптастыруға тәрбиелеу. Жиналысқа Түркістан ҚПБ ЖПҚ ЮПТ аға УПИ полиция капитаны Тұрсынбек Медет Үсіпбекұлы, Түркістан ҚПБ ЖПҚ ЮПТ аға УПИ полиция капитаны, мектебіміздің инспекторы Жұмаев Нұрлыбек Досымбекұлы қатысты. Мектеп психологы З.Анарбаев бүгінгі жиналыстың мақсаты жайлы, зиянды әдеттер туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Мектептің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Мамедов оқушыларды зиянды заттардан аулақ болып, салауатты өмір салтын ұстануға шақырып, жиналысты қорытындылады.
Болашақ еліміздің намысын қорғайтын жастарымызды шылым шегу, арақ ішу, нашақорлық сияқты зиянды әдеттерден аулақ болуы үшін қосымша мәліметтермен көбірек хабардар етіп, келешегімізді қолға алайық!!!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *