Skip to content

«Тұғыры биік тұлға»

Еліміздің қарыштап дамып, өркениеттің жолына шығуына өлшеусіз еңбек сіңірген аса ірі қайраткер, халқымыздың ұлы перзенті Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың туылғанына 111 жыл. Хамза атындағы №2 жалпы орта мектебінің 9-сыныптар арасында «Тұғыры биік тұлға» тақырыбында іс-шара өтілді. Іс-шараның мақсаты халқымыздың аяулы перзенті Д.А.Қонаев атамыздың өмірімен, еңбек жолымен, игі істерімен оқушыларды таныстыру. Адамгершілік асыл қасиеттерін үлгі тұтуға тәрбиелеу.
Іс шара барысында Дінмұхамед Қонаевтың туған күніне ән айтылып, естеліктер оқылды, 2022 жылдың 16 наурызында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қапшағайдың атын халық қаласа, «Қонаев» деп өзгертуді қолдайтыны туралы да айтылды, бейне ролик көрсетілді, 47 қала салғаны, оның ішінде: Ақтау, Арқалық, Екібастұз, Рудный, Қаратау, Жаңатас, Кентау, т.б. қалалар бар, ерен еңбектері аталды.
Сондықтан да халық жадында оның есімі мәңгі ұмытылмақ емес. Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев ұлы тұлғалар шоғырында бірдің бірегейі ретінде өзінің лайықты орнын алады. Жылдар бедері Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев атамыздың есімін көмескілендіре алмайды, себебі, бұл асыл бейне — мәңгі халық жүрегінде.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *