Skip to content

«Жаңа жылға саяхат»

Жаңа жыл жаңа жыр,
Жаңа жылда-жаңа жыр.
Жасыл шырша жанында,
Жадырап бар бала жүр.
Түркістан қаласы адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты Хамза атындағы №2 жалпы орта мектебінде Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасының 07.12.2022ж. 08-01-17/2250 хатына сәйкес жаңа жыл мерекесіне арналған іс-шаралар жоспары құрылып бекітілген. Жоспарға сәйкес бүгін мектеп алды даярлық сыныптарында «Кел Жаңа жыл, Жаңа жыр», бастауыш сыныптарда «Жаңа жылға саяхат» тақырыптарында мерекелік ертеңгілік өткізілді. Мақсаты: оқушыларға мерекелік көңіл-күй сыйлау, көңілді ойындар ойнату, жаңа жылды татулық пен, достық пен, бірлік пен өткізуге баулу. Ертеңгілік барысында түрлі ойындар мен жарыстар өтті. Аяз ата мен Ақшақар білім алушылардың таппақтарын тыңдап, сыйлықтар тарту етті. Әр сынып өздерінің дайындаған мерекелік өнерлерін көрсетіп, жасыл шырша айналасында ән мен күй, би биледі. Жаңа жылға арналған іс-шара оқушыларға мерекелік көңіл-күй сыйлап, тамаша әсер қалдырды. Ертеңгілік соңында барлық оқушылар Аяз ата, Ақшақармен естелік сүреттерге түсті.
Келді міне, Жаңа жыл ортамызға,
Құт-береке әкелсін баршаңызға.
Аңсаған арманыңыз орындалып,
Өміріңіз бақыт пен толсын нұрға!!!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *