Skip to content

«Ұлы Дала елі» мұражайына саяхат

Хамза атындағы №2 жалпы орта мектебінде тарих география пәндері айлығында аясында география және тарих пәндерінің мұғалімдері Каримбекова Дилрабо мен Сайдуллаева Васила 5-«Б» сынып оқушыларымен «Ұлы Дала елі» мұражайына саяхатқа шықты. «Ұлы Дала жауһарлары» залында «Алтын адам» мен «Аңдық стильге» арналған, Қазақстанның Есік қорғанынан табылған, б.з.д VIII-VII ғ. ерте сақ кезеңінің алтын адамының көшірмелерін көріп, географиялық орналасуларын оқушылар сабақта өтіп жатқан «Алтын адам археологиялық олжасы» тақырыбы бойынша білімдерін жетілдіре түсті. 5-сынып Қазақстан тарихы сабақтарында «Сақтар туралы тарихи мәліметтер» тақырыбы бойынша «Қазақстан – түркі әлемінің қара шаңырағы» залына саяхат жасап, онда «б.з.д V-II ғ. Сақ жауынгерінің қару-жарақ жиынтығы мен сақ байрағы», «б.з.д ІІ-VІ ғ. Ғұн жауынгерінің қару-жарақ жиынтығы менғұн байрағы», «Көне Түркі ақсүйегінің киіз шапаны», тамашалап, құнды мәліметтерге ие болып көңілді көңіл күймен 9 экспозициялық аймақтарды тамашалап қайтты.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *