Skip to content

ЕҢБЕК ЕЛЕУСІЗ ҚАЛМАЙДЫ …

ЕҢБЕК ЕЛЕУСІЗ ҚАЛМАЙДЫ …
Түркістан қаласы Хамза атындағы N 2 жалпы орта мектебінде тәуелсіздігіміздің 31 жылдығына арналған мерекелік іс шара өтті.
Мерекелік іс шарада мектеп директоры Д. Дийметова және мектептің кәсіподақ ұйымының төрағасы Б.Абдураимовтар өздерінің жылы лебіздерін білдіріп, ұжымда жанының тазалығы мен көңілдерінің адалдығы,қарапайым да парасатты мінездері және мектептің тазалығына жауапты кіші қызметкерлерге атқарып жатқан еңбектері үшін алғыстарын білдіріп марапаттады.
Атап айтар болсақ «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Түркістан облыстық ұйымы»қоғамдық бірлестігінің «Грамотасымен»мектептің бас есепшісі Т.Ахильбекова, күзетші Е.Батырбеков,
«Аманат» партиясының «Алғыс хатымен» есепшілер Д.Сыздыков,О.Нарымбетов,
Түркістан қалалық кәсіподақ «Құрмет грамотасымен» мектептің ағаш ұстасы Ф.Атаханов,еден жуушы Ж.Ташметова,
мектеп басшысының «Алғыс хатымен» күзетші Ш.Атаханов, Р.Абдурахманов, электрик А.Камил,еден жуушылар Т.Неметова,Қ.Юлдашевалар марапатталды.
Қызметкерлердің ерекше еңбегін бағалау,мадақтау оларды жұмыс барысында одан да жоғары нәтижелерге ынталандыратыны анық.
Мереке қарсаңында марапатталған барша қызметкерлерге берекелі ғұмыр,бейбіт аспан,мықты денсаулық, отбасыларына амандық тілейміз.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *