Skip to content

«Ел болам десең, бесігіңді түзе»

Хамза атындағы №2 жалпы орта мектебінде 2022 жылдың 1 желтоқсан күні 8-11 сынып білім алушылары арасында жасөспірімдерге қоғамдағы келеңсіз жайттардан сақтану, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу, ішкі тәртіп талаптарын орындау мәселелері шеңберінде профилактикалық кездесу болып өтті. Кездесуге Түркістан қалалық поокуратурасының бөлім бастығы Жүсіпбай Мақсат Кенжеханұлы, полиция басқармасының ювеналдық полиция тобының инспекторы, аға лейтенант Шахаев Алмат Талғатұлы, қалалық емхананың психологы Аширбекова Бақыткүл Набиевна, жастар орталығының психологы Анапия Мадина Шынасылқызы қатысты. Құқық қоғамдағы ең негізгі және маңызды қатынастарды реттейтін, қоғамға пайдалы, қажетті қатынастардың дамуына жол ашып, қорғап, ал қоғамға зиянды қатынастарды шектеп, тыйым салатын құрал. Қазіргі қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу. Кездесуде жасөспірімдерге қоғамда, мектепте, тағыда басқа жерлерде өздерін қалай ұстау керектігі жөнінде, тәртіп мәселесі, сабаққа қатысу, беймезгіл уақытта көшеде жүрмеулері туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді. «Ел болам десең, бесігіңді түзе» дегендей дана халқымыз жеке тұлға болып қалыптасуда әрбір жасөспірімдер тәртібі мен тәрбиесіне мән беріп, бос уақытын тиімді пайдалана білсе, құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алуына көп септігін тигізері сөзсіз.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *