Skip to content

Дулат Бабатайұлының 220 жылдығына орай мектепішілік пікірсайыс турнирi

«Адамды даңққа бөлейтін екі қасиетті өнер бар: бірі — қолбасшылық, екіншісі — шешендік» — деп ұлы шешен — ділмар М.Т.Цицерон айтып кеткендей, жеке пікірдің қалыптасып, жеткізе білудің өзі – үлкен өнер. Хамза атындағы №2 жалпы орта мектебінде 26 қараша күніі өткізілді. Турнир Американдық парламенттік форматы бойынша қазақ тілінде өткізілді. Турнирдің мақсаты: оқушылар арасында пікірсайыс қозғалысын қарқынды дамыту, сөйлеу, ойлау арқылы жастардың көшбасшылық қабілеттерін шыңдау. Турнирге 7 фракция қатысты. І, ІІ іріктеу кезеңіне «Әділет пен Ақиқат», «Нұрлы болашақ», «Алға», «Жалын», «БЖШ», «Сұңқар», «Заң сөйлесін» фракциялары қытысып, жартылай финалға 4 фракция іріктеп алынды. Жартылай финалда «Нұрлы болашақ», «Алға», «Заң сөйлесін», «Әділет пен Ақиқат» фракциялары сынға түсті. Финалға өткен «Нұрлы болашақ» және «Әділет пен Ақиқат» фракциялары берілген қарар бойында пікір жарыстырды. Турнир қорытындысы бойынша:
І орын «Нұрлы болашақ» фракциясы
ІІ орын «Әділет пен Ақиқат» фракциясы
ІІІ орын «Алға» фракциясы
«Үздік талпыныс» номинациясы «Жалын» фракциясы
«Үздік кейс» номинациясы «БЖШ» фракциясы
«Үздік талпыныс» номинациясы «Сұңқар» фракциясы
«Үздік оратор» номинациясы «Заң сөйлесін» фракциясы Оқушылар ұтқыр сөз бен жүйрік ойдың үздік үлгілерін көрсете білді. Алдағы уақытта ізденіс пен талмай еңбектенудің арқасында шәкірттерімізбен бірге әлі талай шыңдарды бағындыра түсетінімізге кәміл сенеміз.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *