Skip to content

Туған күн адам өмірінде асыға күтетін , ұмытылмас ерекше күн.

Туған күн адам өмірінде асыға күтетін , ұмытылмас ерекше күн. Жекеменшік мерекеде айтылған тілек пен құттықтау туған күн иесіне шабыт беріп, жаңа жасын ерекше бастайтыны анық…..
Бүгін мектебіміздің көшбасшысы Дилбар Дийметова еңселі 50 жасқа толып отыр.
Мектебіміздің басшысын туған күнімен құттықтау үшін «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Түркістан облыстық ұйымы» Қоғамдық бірлестігінің төрағасы Жандос Шайдулла мектебімізге келіп, өзінің құттықтауында, қашанда қызығы мен қиындығы қатар жүретін мамандығыңыздың қыры мен сырын шебер меңгеріп, бүгінде мектебіңіздің басшысы лауазымында қалтқысыз қызмет атқарып келесіз.
Өзіңіз басқарып отырған мектеп ұжымы сізді үлкенге ілтипатты, кішіге қамқор әпке , қатарластарына адал дос бола білген ізгі жүректі азаматша , еңбекте беделді маман, абыройлы жетекші , қаталдығы мен әділдігі жарасқан білікті басшы ретінде үлгі тұтады.Өзіңізге қонар бақтың баяндысын, бітер дәулеттің көл-көсірлігін, келер ырыстың ысырап болмауын, жүрек гүлінің мәңгі солмауын, шаңыраңызға шаттықтың орнауын,Тәңірдің шексіз қолдауын тілейміз! Еңбекте толағай табыстарға, мақсатта биік шыңдарға жете беріңіз. Әрдайым отбасыңыз аман, жүзіңіз жарқын, мерейіңіз үстем болсын!-деп тілегін айтты.
Сонымен қатар мектебіміздің бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Б.Абдураимов және мектептегі ұлағатты ұстаздар да өздерінің жылы лебіздерін білдірді.
Алтын күз жыл айналып келе берсін,
Бейбіт күн, жақсылығы ере келсін!
Дилбар Абдуразакқызы , өзіңізге
Бақытын әр жасыңыз бере берсін!

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған